ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ ЦИФРЛЫҚ МҮМКІНДІКТЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
«Қазақ тілі және жасанды интеллект: теориядан практикаға». Осындай атаумен республикалық семинар ұйымдастырылды. Жиында қазақ тілін цифрлық ортада дамыту және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тіл саласында тиімді пайдалану мәселелері талқыланды. Семинарға Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жетісу және Солтүстік Қазақстаннан келген тіл мамандары мен IT саласының өкілдері қатысты.