ТҰРҒЫН ҮЙ КЕШЕНІ ЖЫЛУСЫЗ ҚАЛУЫ МҮМКІН
Шаһарда 670 пәтер мен 20 кәсіпкерлік нысан жылусыз қалуы ықтимал. Облыс орталығындағы тұрғын үй кешені 4 жылдан бері тұрғын үй коммналдық тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің балансына берілмей отыр. Нысанды салған құрылыс компаниясы әлі күнге құжаттарын қалалық әкімдікке тапсырмаған. Тұрғын үй кешені қалалық әкімдіктің балансына берілмегендіктен жылу бекеті мен пәтерлерде қысқы маусымға дайындық жұмыстары жүрмеген.