Есте қаларлық күнде отау көтеруді қалайтын жастардың қатары жылдан-жылға артып келеді. Бүгін - 26.06.2026. Сандары үйлескен осы датада еліміздің түкпір-түкпірінде мыңдаған жұп некесін қиды. Атырау облысында бүгін 139 жұп заңды некесін тіркеп, жаңа өмірге қадам басты.