Атырауда мүмкіндігі шектеулі жандардан құралған «Шексіз әлем» театры алғашқы қойылымын көрерменге ұсынды. Жоба ерекше жандардың шығармашылық әлеуетін ашып, өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Бүгінде жоба аясында 10 адам қамтылған. Театр ұжымы көрермен назарына жазушы Сайд Ахмадтың отбасылық құндылықтарды арқау еткен «Келіндер көтерілісі» драмалық комедиясын сахналады.