Ауыл тұрғындары үшін сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі жылдан жылға артып келеді. Өңірде жаңа дәрігерлік амбулаториялар салынып, аудандық ауруханалар заманауи құрылғылармен жабдықталуда. Алайда инфрақұрылым дамығанымен, маман тапшы. Сондықтан кей медициналық қызметті алу үшін тұрғындар әлі де облыс орталығына баруға мәжбүр.