Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті өңірдегі ғылыми-инновациялық экожүйенің негізгі қозғаушы күштерінің бірі екенін тағы бір мәрте көрсетті. Жоғары оқу орнының базасында «Атырау облысының мұнай-газ химиясы өнеркәсібін дамытудың басым бағыттары» тақырыбында интеллектуалды хакатон өтті. Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған технологиялық дода ғылым мен өндіріс өкілдерін бір алаңға тоғыстырып, өңірдің мұнай-газ химиясы кластерін жаңа деңгейге көтеруге бағытталған тың идеялар мен жобаларды ұсынуға мүмкіндік берді.