Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде ҚР Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева және Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ержан Жаменкеевтің шәкірттерінің ұйымдастыруымен концерт өтті. "MODEL 2.1.5. Özge Men" дәстүрлі музыка кеші жас орындаушылардың шығармашылық әлеуетін кеңінен танытты. Биыл халықаралық ауқымды концерт төртінші рет өткізіліп отыр.