Өңірде білім беру саласын ілгерлету үшін инфрақұрылымға ерекше мән берілуде. 2027 жылға дейін 13 мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Бүгін де апатты деп танылған №11. Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп пен №30 мектеп-гимназиясының құрылысы басталды. Жаңа жобамен танысқан облыс әкімі Серік Шәпкенов тұрғындармен тілдесіп, шағымдарын тыңдады.