Көлік салығын өтемеген төрт мыңнан аса атыраулықтың берешегі 334 млн теңгеге жеткен. Ал мүлік салығы бойынша 9970 азаматтың қарызы 47 млн теңгені құрайды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер департаменті қаржылық тәртіпті күшейту мақсатында өткізген рейд барысында белгілі болды. Жол бойында ұйымдастырылған іс-шараға жеке сот орындаушылары мен Ішкі істер органдары қызметкерлері қатысып, берешегі бар азаматтар мен кәсіпкерлер анықталды.