Өңірде Көрісу күні кең көлемде аталып өтті. Наурызнаманың бастауы саналатын мерекеде қыстан аман шыққан халық жақындары мен көршілері көрісіп, бір - біріне амандық тілейді. Орталық алаңға жиналған қала жұрты да қол алысып, төс қағысты. Тұрғындар үшін «Дәстүр дәнекері – Амал мерекесі» атты мерекелік концерт ұйымдастырылды.