Атырау қаласында республикалық референдум басталды. Референдум учаскелері өз жұмысына ресми түрде кірісті. Соның бірі – Нұрсая шағын ауданында орналасқан №90 референдум учаскесі. Таңғы уақыттан бастап мұнда тұрғындар келіп, өз таңдауларын жасауда.