Қала тұрғындары ауыз судың сапасына қатысты алаңдаушылық білдірді. Әлеуметтік желілерде жарияланған пікірлерге сүйенсек, соңғы күндері краннан ағатын судан балықтың өткір иісі шығады деген шағымдар көбейген. Ал мамандардың сөзінше, су азалау жұмыстары нормаға сай жүргізіліп жатыр.