Атыраулық авиация саласының мамандары Әмір Мейрамғалиев пен Нұрсұлтан Тұрсынов ұшқышсыз ұшу аппараттарын құрастырумен айналысып жүр. Шетелде алған білімдері мен тәжірибесін ел игілігіне жарату – олардың басты мақсаты. Заманауи технологияны меңгерген жас мамандар бұл жобаны өнеркәсіп пен қауіпсіздік саласында тиімді қолдануды көздейді.