Өңірдегі білім беру ордаларының бірінде мемлекеттік қызметкерлер мен студенттер басын біріктірген пікірсайыс турнирі өтті. Мұндай форматтағы дебат облыста алғаш рет өткізіліп тұр. Сөз додасы білікті маман мен жас буынның ой-пікірін бір арнаға біріктіріп, аналитикалық қабілеттерін шыңдай түсті.