Былтыр өңірде 19 мыңнан астам адам жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 11 005-і тұрақты жұмыс орындары болса, 8 658-і мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары. Бұл туралы «AMANAT» партиясының өңірлік филиалы жанындағы Отбасы және халықтың әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі аймақтық кеңестің кеңейтілген отырысында айтылды. Күн тәртібінде мансап орталықтарының жұмысы мен әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру және сайлауалды міндеттемелердің орындалу барысы қаралды.