Жыл басынан бері облыста 140 жол-көлік оқиғасы тіркелген. Салдарынан 10 адам қаза тауып, 213 адам түрлі жарақат алған. Мамандардың сөзінше, қауіпсіздік шаралары мен алдын алу жұмыстары жүйелі жүргізілгеніне қарамастан, жол-көлік оқиғалары әлі де жиі кездеседі. Сонымен қатар, ауа райының қолайсыздығы, әсіресе соңғы аптадағы көктайғақ, қауіптің артуына әсер етіп отыр.