Қазір жүрек-тамыр ауруына шалдыққан жандардың дені қарттар емес, жастар. Күнделікті қарбаласта сергектік беретін энергетикалық сусындар денсаулыққа кері әсерін тигізіп жатыр. Оның құрамындағы зейін мен белсенділікті күшейтетін кофеин, таурин, гуарана секілді түрлі ынталандырушы қоспалар алдамшы әсер сыйлайды. Жалпы энергетикалық сусындардың әсері қаншаға жетеді? Лаура Кисметова айтып береді.