Негізгі Жаңалықтар АТЫРАУ ОБЛЫСЫ САЛЫҚ ТҮСІМІ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ САЛЫҚ ТҮСІМІ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТТЫ

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысы салық түсімдерімен рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Ұлттық қорға түсетін қаржыны қоса есептегенде, өңірден шоғырланған бюджетке 5 триллион теңгеден астам қаражат түскен. Мұндай нәтижеге мұнай өндіру мен экспорт көлемінің артуы, үшінші буын зауытының іске қосылуы және Қашаған жобасының белсенді кезеңге өтуі әсер етіп отыр.


Бөлісу