Домбырашы әрі дирижёр Рысбай Ғабдиевтің туғанына 90 жыл толды. Осыған орай Ғабдол Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында еске алу кеші өтті. Шара барысында даңқты дирижердің туыстары, шәкірттері, әріптестері мен мәдениет саласының өкілдері көрнекті ән өнері иесінің шығармашылығы мен ұстаздық қызметі жайында естеліктермен бөлісті.