Ел ішінде жақсылық жасауды әдетке айналдырған азаматтар көп. Олар ешкімнен ешнәрсені талап етпейді. Тек кіршіксіз көңіл мен шынайылық арқылы игі ісін жалғастырудан жайлылық сезінеді. Көлік тізгіндеген Анар Рахымғалиқызы қала тұрғындарына жүрекке жылы сый жасады. Игі бастама көпшіліктің көңілін көтеріп қана қоймай, әлеуметтік желі қолданушыларының оң бағасына ие болды.