Атыраулық Сымбат Жетпіс 12 жасқа дейінгі қыздар арасында рапид шахматтан өткен ҚР чемпионатында топ жарды. Алтын медаль үшін еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ең мықты жас ойыншылар бақ сынаған. Жас өрен жарыс жолын сенімді еңсеріп, қарсыластарынан басып озды.