Атырау қаласында Ұлттық ұланның 5546 әскери бөлімінде 150-ге жуық жас сарбаз салтанатты түрде әскери ант қабылдады. Жауынгерлік сапқа ресми түрде қабылданған өрендер Қазақстан Республикасына адал қызмет етіп, ел тыныштығы мен қоғамдық қауіпсіздікті күзетуге әрдайым дайын болуға салтанатты түрде серт берді.