NCOC компаниясы «Қашаған кен орнының нысандарын жайластыру. Теңіз кешені. Су түбін жөндеп тереңдету» жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Қазіргі таңда Каспий теңізінің шығыс бөлігіндегі Қашаған кен орнында кемелердің қалыпты жүруінде қиындықтар туындап отыр. Осыған байланысты навигациялық тереңдікті қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар талқыланды.