Мемлекеттік қызметшілердің құқықтық сауатын арттырып, адалдық принциптерін насихаттауды мақсат еткен «Заң мен тәртіп» атты жемқорлыққа қарсы Quiz ойыны ұйымдастырылды. Іс-шара 9 желтоқсан Халықаралық жемқорлыққа қарсы күнге орай өткізілді. Интеллектуалды сайысқа мемлекеттік органдар, құқық қорғау құрылымдары, квазимемлекеттік сектор және өзге де ұйымдардың өкілдері белсене қатысып, өз білімдері мен тапқырлықтарын сынға салды.