Төтеншеліктер қыстағы табиғи апаттарға тас түйін дайын. Қазір қажетті техникалар соңғы тексеруден өтті. Бұдан бөлек, коммуналдық қызмет те алдын алу жұмыстарын жүргізуде. Синоптиктер биыл қыс қатты болады деп болжап отыр. Сондықтан жауаптылар ерте қам жасап, даярлықты бастап кетті.