Атырау облысында ЖРВИ жұқтыру көрсеткіші артты. Қазір жедел респираторлық вирус инфекциясы бойынша 32 мыңнан астам науқас тіркелді. Олардың басым бөлігі — 14 жасқа дейінгі жеткіншектер , яғни науқастардың шамамен 60–70%-ын балалар құрайды. Дәрігерлер балалардың иммундық жүйесінің әлі толық дамымағанын және мектеп пен бала бақшалардағы топтық сабақтар мен ойындар вирустың тез таралуына ықпал ететінін атап өтті.