Атырау облысында 300 ден аса аутикалық спектрі бұзылған бала бар. Ал балаларды оңалту орталығы 25 жыл бойы оларға қолдау көрсетіп, қоғамға бейімделуіне ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, ерекше бүлдіршіндер түрлі жетістіктерге жетіп жүр. Бұл орталық өңір балаларына оңалту, дамыту және әлеуметтік бейімдеу қызметтерін көрсететін жалғыз мекеме.