Бүгін – 28 қараша, қазақтың дара ақыны, ҚР мемлекеттік гимнінің сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденовтің туғанына 90 жыл. Жиырма бір жасында-ақ ел жүрегіне ұран болған жырды дүниеге әкелген жыр алыбының өміршең шығармалары әрбір есті жанның өлеңге деген ықыласын оятып, рухын асқақтатады. Оның қалдырған сөзі де, сазы да қазақтың жүрегінде мәңгі жаңғырып тұра бермек.