Атырауда Қазақстанның отырып ойнайтын волейбол федерациясына заманауи спорттық жабдықтар мен шағын автобустың кілтін табыстау салтанатты рәсімі өтті. «Теңізшевройл» компаниясының сыйлығы параспортты дамытуға және алдағы халықаралық жарыстар алдындағы ұлттық құраманы қолдауға бағытталған.