Атырау қаласында ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай көрме-жәрмеңке ұйымдастырылды. Шараны Атырау қаласы әкімдігі мен кәсіпкерлік басқармасы бірлесіп өткізді.Жәрмеңкеге 60-қа жуық кәсіпкер қатысып, өз өнімдерін ұсынды.