Облыстық полиция департаменті есірткі қылмыстарының алдын алу бағытындағы жұмыстарды ұдайы жүргізеді. Бұл мақсатта жыл басынан бері 700-ден аса шара өткізілген. Бүгінде Жасөспірімдер арасындағы түрлі тәуелділіктер қоғамды алаңдатып отырған негізгі мәселелердің бірі. Жыл басынан бері есірткімен байланысты 120 құқық бұзушылық, оның ішінде 67 қылмыс тіркелген. Қауіптің алдын алу мақсатында ата-аналардың жауапкершілігін арттырып, құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеу маңызды. Осы ретте жауапты мамандар ата-аналармен кездесіп, ашық диалог орнатты.