«AMANAT» партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен бастауыш партия ұйымдары арасында дәстүрлі «AMANAT QUIZ» интеллектуалдық сайысы өтті. Биыл бұл дода екінші рет ұйымдастырылып отыр. Зияткерлік басқосуға 15 команда қатысып, өзара білім мен парасат бәсекесіне түсті.