Алдағы екі жылда облыстың барлық ауылдық округтері заманауи спорттық инфрақұрылыммен толықтай қамтамасыз етіледі. Бұл туралы аймақ басшысы Серік Шәпкенов Үкімет отырысында мәлімдеді. Сонымен қатар, жыл соңына дейін облыс аумағындағы 68 ауылдың 70 пайызы спорт нысандарымен қамтылмақ.