Атырауда жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласы қызметкерлеріне семинар ұйымдастырылды. Негізгі тақырып - сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру. Шараға ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті өкілдері қатысып, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ұжымымен кездесті.