Ел Президентінің бастамасымен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған мемлекеттік және жергілікті бағдарламалар аясында еліміздің әр өңірінде жаңа бизнес нысандары ашылып, халыққа қызмет көрсету сапасы артып келеді. Осындай игі істердің бірі Қызылқоға ауданында жүзеге асты. Мұнда жаңа ойын-сауық орталығы мен жиһаз орталығы ауыл тұрғындарына есігін айқара ашты.