«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының директорлар кеңесінің мүшелері Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің оқу-өндірістік полигонының жұмысымен танысты. Бұл бірегей нысан еліміздің мұнай-газ саласы бойынша болашақ мамандарды даярлауға арналған.