26-28 қазан күндері Түркістан қаласында өткен қазақ күресінен Азия чемпионатында атыраулық балуан Аружан Жандарбай айрықша шеберлік танытып, алтын медальға ие болды. Жарысқа құрлықтың 15 елінен келген ең үздік спортшылар қатысқан болатын. Жеңімпаз спортшыны әуежайда туған-туыстары, бапкерлері мен жанкүйерлері ерекше қуанышпен қарсы алды.