Атырау теміржол бөлімшесінің мұражайында Екінші дүниезүзілік соғыс ардагері, Құрметті теміржолшы Байбол Орақовқа арналған естелік бұрышы ашылды. Биыл еңбекқорлығы мен ерлігі арқылы көпке үлгі болған тұлғаның туғанына 125 жыл толып отыр. Шараны Атырау облысы ардагерлер кеңесі ұйымдастырды.