Атырауда қазақтың классик ақындары жырлаған рух пен поэзия тағы да жаңғырып, түрлі ұлт өкілдерін ортақ сахнада тоғыстырды. «Қазақтану» жобасы аясында өткен бұл шара-тілге құрмет, әдебиетке тағзым, бірлікке шақырған мерейлі мереке болды. Этномәдени бірлестік мүшелері қазақтың жыр қазынасын жатқа оқып, әнмен әрлеп, өзара достық пен рухани үндестіктің үлгісін көрсетті.