Енді үкіметтік емес ұйым өкілдері уақытша жұмыс орындарына штат бірлігінің 10 пайыздық мөлшерінде ғана өтінім береді. Яғни, 100 адам болса, оның 10-ы ғана мемлекет тарапынан қаржыландырылатын уақытша жұмысқа тұра алады. Алайда, бұл өзгеріс барлығына бірдей тиімді болып отырған жоқ. Осы мәселені талқыламаққа өңірлік үкіметтік емес ұйым өкілдері жауапты органдармен бірге бас қосты.