Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияның сахнасында балаларға арналған «Кыцик, Мыцик және Мари әпке» атты музыкалық ертегінің премьерасы қойылды. Бұл қойылым - жас көрермендер үшін мейірімге, әуен мен жарқын эмоцияларға толы сыйлық болды. Спектакль татар-башқұрт этномәдени бірлестігіне 30 жыл толуын орай ұйымдастырылып отыр.