«Мейірім мен ертегілер елінде». Қаладағы Достық үйінде ерекше жылылық пен қуанышқа толы балаларға арналған кеш ӨТТІ. Бұл игі бастама Бүкіләлемдік бала күніне орай ұйымдастырылды. Іс-шара барысында кішкентай өнерпаздар көрермендерге жарқын көңіл күй мен шынайы сезім сыйлады. Балалар сахнада өз өнерлерін паш етіп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.