«Сармат» әскери-патриоттық «Жас сарбаздар» жасөспірімдер қозғалысының қатарына 92 оқушы қабылданды. Салтанатты жиында жас сарбаздар ант қабылдап, Отанға адал қызмет етуге уәде берді. Іс-шараға әскерилер, облыстық білім беру басқармасының өкілдері мен ата-аналар қатысты. Айта кетейік, бұл шара Республика күніне орай ұйымдастырылып отыр.