400-ден аса спортшы «Ауыл спорты – 2025» турнирінде бақ сынады. Спорттық дода Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Сондай-ақ, ауыл спортшыларын танытып, олардың республикалық және әлемдік аренаға шығуын қамтамасыз етуге бағытталған.