Атырауда аналар үйі қиын жағдайға тап болған әйелдерге қолдау көрсетіп келеді. 2014 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан орталық қиын жағдайға тап болған қыз-келіншектер мен олардың балаларына пана болып отыр. Бұл орталықта тұрмыс қиыншылығына душар болған аналарға тек баспана беріліп қана қоймай, олардың қоғамға бейімделуіне, жаңа өмір бастауына мүмкіндік берілген.