Атырауда қала күні кең көлемде аталып өтті. Бұл күні шаһарда 20-дан астам мәдени және спорттық іс-шара өткізіліп, қала тұрғындары мен қонақтарына шат-шадыман көңіл-күй сыйлады. Қала аумағында өткен концерттер, көрмелер мен жәрмеңкелер, театрландырылған қойылымдар және ашық алаңдардағы спорттық жарыстар көпшіліктің көңілінен шықты.