5-қазан-елімізде Мұғалімдер күні кеңінен атап өтіледі. Мерекеде жас ұрпаққа білім мен тәрбие беруді өмірлік мұрат еткен ұстаздардың еңбегі ерен құрметке ие. Өңірімізде де талай шәкіртке жол көрсеткен, өнегесімен ерекшеленген ұстаздар әулеті аз емес. Осындай өнегелі шаңырақтың бірі-Сапановтар әулеті. Бұл әулеттен жеті бірдей ұстаз шығып, бүгінде саналы ғұмырын шәкірт тәрбиесіне арнаған. Толығырақ әріптесім Ақтоты Өркешбаева сюжетінде.