Атырау облысында соңғы жылдары туу көрсеткіші төмендеген. Мәселен, 2023 жылы өңірде 16 527 нәресте дүниеге келсе, былтыр бұл көрсеткіш 14 680-ге дейін азайған. Мамандардың айтуынша, нәрестелердің дүниеге келу саны жыл сайын төмендеу үрдісін көрсетіп отыр. Дегенмен ана мен бала денсаулығын қорғау бағытында аймақта бірқатар оң өзгерістер бар. Толығырақ тілшіміз баяндайды.