КСМ: Құрманғазы ауданында Ұстаздар күніне орай «Ұстазым – Сізге мың алғыс!» атты мерекелік шара өтті. Салтанатты жиын алдымен Нұржау жалпы орта мектебінің жас ұстаздарының сахналық композициялық көрінісімен ашылып, әрі қарай арнайы дайындалған бейнеролик көрермен назарына ұсынылды. Мерекелік шарада аудан әкімі Абат Жанғалиев құттықтау сөз сөйлеп, білім саласының ардагерлері мен үздік мамандарына алғыс хаттар мен құрмет грамоталарын табыстады.