Jer Eco Hub. Атыраулық эко белсенділер мен студенттер экологиялық жобаның екінші Хакатонында бас қосты. Қатысушылар екі күн бойы өңірдегі экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған тың идеяларын ортаға салды. Алдағы екі айда олар өз бастамаларын тәжірибелі менторлардың жетекшілігімен жүзеге асырмақ.